


Жарнамалық слоган:
Барлығына жақын. Барлық жағынан ыңғайлы.
«Қарағанды» қонақ үйі – ыңғайлылық, қолжетімділік және үйдегідей жылы атмосфераның тамаша үйлесімі. Қонақ үйіміз Бұқар жырау даңғылында — қаланың дәл ортасында, өмір қайнап жатқан жерде және барлық маңызды орындар қолжетімді жерде орналасқан.
Жаяу қашықтықта Қарағандының негізгі нысандары бар:
• Вокзалға дейін 10–15 минут
• CITY Mall және ЦУM сауда орталығына 5 минут — сауда орындары, дәмханалар және ойын-сауық кешендері
• Орталық саябаққа дейін небәрі 10 минут. Бұл – қала атмосферасын сезініп, жайлы серуендеуге арналған тамаша орын. Мұндай орналасу «Қарағанды» қонақ үйін өз уақытын бағалайтын және қалада оңай әрі еш қиындықсыз жүруді қалайтындар үшін таптырмас таңдау.
Біз сіздер үшін бес қабатты ғимараттың екінші қабатында орналасқан жайлы және ұқыпты бөлмелерді дайындадық. Әрбір бөлме мұқият ойластырылған: қажеттінің бәрі бар, таза, тыныш әрі үйдің өзіне тән жылуын сездіретін ерекше детальдармен толыққан.
Мұнда сізге ұзақ сапардан кейін демалуға, жайлы ортада жұмыс істеуге және демалу кешін өткізуге болады. “Қарағанды”қонақ үйі – сізге жайлылық пен шынайы қонақжайлылықты ұсынатын орын. Сізді әрдайым жылы қарсы алу, ілтипатты қызмет және демалысыңызды ерекше жайлылық пен жағымды әсерге бөлейтін жоғары деңгейдегі қызмет көрсету күтеді.